Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Еңбек адамдарының қоғамдағы орны өз деңгейінде бағалануы керек

Әрбір өнеркәсіп пен кәсіпорын, ондағы мыңдаған маман күнделікті жұмысы арқылы ел экономикасының дамуына өлшеусіз үлес қосып жатыр. Өндіріс циклінің үздіксіз жүруін тікелей қамтамасыз ететін – жұмысшы мамандық иелері. Солардың бірі – Астанадағы медициналық құрал-жабдықтар шығаратын заманауи фармацевтикалық кешенде жұмыс істейтін елорда тұрғыны Гүлжан Мұсабаева, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Гүлжан Мұсабаева медициналық құрал-жабдықтар шығаратын фармацевтикалық кешенінде 3 жылдан бері жұмыс істеп жүр. Қан құятын, дайындайтын және бөлетін құтылар мен өзге де медициналық жабдықтар шығаратын зауытта қазір 160-қа жуық маман қызмет етеді. Бұрын донорлық салада қолданылатын контейнерлер шетелден әкелінсе, енді оны астаналық жұмысшылар шығарып, құрастырып жүр.

«Өзімнің жұмысым қатты ұнайды. Жұмысымды бағалаймын. Мұнда қан орталығының донорларына арналған жабдықтар, атап айтқанда стерильді контейнерлер құрастырумен айналысамын. 3 жылдан бері осы жерде еңбек етемін, ұжымым да жақсы, ауызбіршілігіміз бар. Мұнда ауысымдық жұмыс, яғни бір апта бойы жұмыс істеген соң, екінші ауысымдағы әріптестеріміз әрі қарай жалғастырады», – деді ол.

Гүлжан Мұсабаева Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанын жылы қабылдаған, себебі еңбек адамдарының қоғамдағы орны өз деңгейінде бағалануы керек деп санайды.

Естеріңізге сала кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялаған болатын. Соған сәйкес республикалық және өңірлік деңгейде көптеген шаралар қолға алынып, кешенді жоспар жасалды. Оны іске асыру арқылы жұмысшы мамандықтарын даярлаумен айналысатын кәсіптік білім беру жүйесінен бастап еңбекпен қамтуға дейінгі салаларға реформа жасалады.

 

Сәйкес жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы жылу желілерін жылыту маусымына дайындауға Үкімет резервінен 2,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСӨСПІРІМ ШАХМАТШЫЛАРЫ ҮЗДІК ҮШТІКТЕН ТАБЫЛДЫ

Жартыжылдық қорытындысы: мемлекеттік сатып алуда ОТӨ қолдау шаралары, салықтық әкімшілендіруді жаңғырту және «Ұлттық қор – балаларға»