Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Елімізде «Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ел аумағында «Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – құқықтық тәртіпті нығайту және құқық бұзушылықтардың, оның ішінде масаң күйде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Профилактикалық іс-шараны өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері келесі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізеді. Әкімшілік учаскелерді аралау, азаматтармен құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу, ішкі істер органдарында есепте тұрған тұлғаларды тұрғылықты жері бойынша тексеру, профилактикалық сипаттағы құқық бұзушылықтарды анықтау.

Сонымен қатар «Қауіпсіз аула» профилактикалық іс-шарасын өткізуге еріктілер, қоғам белсенділері, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері тартылатын болады.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіпті сақтауға, жеке және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ құқық бұзушылық фактілері туралы полиция органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Мясокомбинаты будут самостоятельно реализовывать мясо сайгаков

zamandas69@mail.ru

Ералы Тугжанов ознакомился с ходом работ по сокращению дефицита мест в школах Алматы

Более 210 километров позади: Караганда поддержала путь Мендыбая ага к новому Курултаю