Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеНовости

ЭНДОСКОПИСТ ДӘРІГЕРЛЕР ӨЗБЕК ӘРІПТЕСТЕРІНЕ МАСТЕР-КЛАСТАР ӨТКІЗДІ

Қазақстандық медицина күндері шеңберінде Өзбекстанда Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ жетекші эндоскопист дәрігерлері: эндоскопия және интервенциялық гастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі Алма Хабижанова мен Қанат Сейітбеков Ташкент қаласы клиникаларының мамандары үшін оқыту мастер-класын өткізді.

Қазақстандық мамандар ішектің қабыну ауруларын диагностикалаудың заманауи әдістерін (баллондық-ассистенттелген энтероскопия, бейнекапсулалық эндоскопия, ЭндоУДЗ) дамытудағы ҒЗИ жетістіктерін ұсынды.

— Мастер-класс барысында ішектің қабыну ауруларын диагностикалаудың заманауи тәсілдері ұсынылды, пациенттерді эндоскопиялық бақылаудың клиникалық мысалдары мен алгоритмдері талқыланды.

Инновациялық эндоскопиялық технологияларды енгізуге және диагностиканың дәлдігін арттыруға ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, өзбек әріптестерімен эндоскопиялық зерттеулерді стандарттау, кабинеттерді жабдықтау және мамандарды даярлау сапасын арттыру мәселелері бойынша кәсіби пікірталастар өтті.

Бірлескен ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыру, тәжірибе алмасу және Қазақстан мен Өзбекстанның арасындағы халықаралық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.

Сәйкес жаңалықтар

Каждая цифровая реформа – это шаг к более доступному правосудию

Казахстан сохраняет одну из самых щедрых систем соцподдержки в регионе — Кусаинов

zamandas69@mail.ru

Zijin RG Gold представила проект расширения производственных мощностей на месторождении Райгородок

zamandas69@mail.ru