Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарҚоғам

Еуропа кеңесі Қазақстандағы конституциялық реформаларды қолдады

Screenshot

Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясында(ПАСЕ) жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша Қазақстанда жүргізіліпжатқан саяси және конституциялық реформаларғақолдау білдірілген жазбаша декларация қабылданды.

«Қазақстандағы конституциялық референдум: реформалардың жаңа кезеңі» деп аталатынқұжаттың авторы – ПАСЕ-дегі Түркияделегациясының депутаты Мехмет Акалын. Декларацияға Еуропа елдерінің ұлттықделегациялары мен түрлі саяси топтарының атынан22 парламентарий қол қойған.

Құжатта Қазақстанда өткен референдум мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту мен институционалдық өзгерістердің маңызды кезеңіболғаны атап өтілген.

Декларация авторлары конституциялықреформалардың мақсаттарын құптады. Атапайтқанда, мемлекеттік басқарудың неғұрлымтеңгерімді үлгісіне көшу, есептілік тетіктерінкүшейту, азаматтардың конституциялық әділ сотқақолжетімділігін кеңейту, сондай-ақ адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаукепілдіктерін нығайту оң бағаланды.

Сонымен қатар ПАСЕ Қазақстанның Еуропакеңесімен ынтымақтастығына да оң баға берді. Декларацияда тараптардың конституциялық даму, құқық үстемдігі және адам құқықтарын қорғаумәселелері бойынша сындарлы диалогтыжалғастырып отырғаны айтылған.

Сондай-ақ парламентарийлер Қазақстанныңдемократиялық институттарды нығайту жәнеқұқық үстемдігі қағидаттарын орнықтырубағытындағы күш-жігерін алдағы уақытта да қолдауға дайын екенін білдіріп, елді Еуразияөңіріндегі сенімді серіктес деп атады.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда «Абай» операсының жаңартылған нұсқасының премьерасы өтті

Astana AI Film Festival әлемнің жетекші технологиялық елдерінің басын қосады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.