Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

ФАТИМА СҰПЫҒАЛИЕВА ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.

52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Португалия өкілі София Гаспардан басым түсіп, Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Фатима бұған дейін ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырды.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық спорт күнінде Қызылордада дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

zamandas69@mail.ru

Туризм саласы екіжақты өзара іс-қимылдың маңызды бағыты болып қала береді

Бүгін Астанада X Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионаты басталды