Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

ІІМ: Мереке қарсаңында алаяқтардан абай болыңыз

ІІМ мерекеде кезінде жалған ашықхаттар мен “тиімді” жеңілдіктерге сенбеуді ескертеді.

Мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген “жаңа жылдық құттықтауларды” таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады. Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді.

Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді. Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді.

Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеруді ескертеді. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал. Қауіпсіздік бәрінен маңызды. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз.

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет Президенттің тау-кен металлургия кешені саласында терең өңделген өнім өндіруді дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыруда

«Наурыз» бағдарламасымен кімдердің ипотека ала алатыны белгілі болды

Қазақстанда AATCE орталығының ашылуы – цифрлық білім беруді дамытудағы маңызды қадам