Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Жаңалықтар

Иракта үйлену тойында отшашудан кемі 100 адам қаза тапты

Фото: korrespondent.net

Ирактың Ниневия провинциясындағы Әл-Хамдания елді мекенінде үйлену тойында отшашудан өрт шығып, кемі 100 адам қаза тапты. Тағы 150-ден аса адам күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.

Ирактағы Қызыл Ай қауымдастығы қаза тапқандар мен жараланған адамның жалпы саны 450-ден асқанын хабарлады. Қаза тапқандар арасында шаңырақ көтергісі келген жас жұбайлар да бар.

Eadaily.com-ның хабарлауынша, тойға жиналған жұрт салтанат сарайында мерекелік отшашу ұйымдастырып, оның соңы өртке ұласқан.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлттық ұлан қатарындағы әскери оркестр музыканты

ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени астанасы атанады.

Таразда қазақ күресінен ел чемпионаты аяқталды