Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиСпорт

IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шыға бастады

 Фото: olympic.kz
IX қысқы Азия ойындарының билеттері сатылымға шықты

Қытайдың Харбин қаласында өтетін IX қысқы Азия ойындарының билеттері ресми сатылымға шыға бастады.

harbin2025.com сайтының хабарлауынша, билеттер 11 қаңтар күннен бастап tickets.harbin2025.com сайтында және HARBIN 2025 мобильді қосымшасында сатып алуға болады. Ең қымбат билеттің бағасы 800 юань (56 мың теңге), ал ең арзан билеттің құны 120 юань (8400 теңге).

Еске салсақ, IX қысқы Азия ойындары 2025 жылдың 7-14 ақпаны аралығында Қытай Халық Республикасы Хэйлунцзян провинциясының Харбин қаласында өтеді. Спортшылар 12 спорт түрі бойынша 64 медаль жиынтығын сарапқа салады.

ҚР Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, Қазақстаннан 139 спортшы ел намысын қорғайды.

Сәйкес жаңалықтар

QOSTANAI TECH в разгаре: в Костанае проходит крупнейший семейный научно-инновационный фестиваль

zd_admin

Казахстан примет Чемпионат мира по киберспорту – 2027

zamandas69@mail.ru

У каждой площадки свой вопрос: партии продолжают разговор с жителями регионов