Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 67 шетел азаматы елден шығарылды

 Фото: Астана полиция департаменті
Елордада көші-қон ережелерін бұзған 279 шетел азаматы белг3л3 болып, оның 67-сі ел аумағынан шығарылды.

“15-20 ақпан аралығында “Заңсыз келуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзған 279 шетел азаматын және 53 Қазақстан азаматын анықтады. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 67 шетел азаматы елден шығарылды”, – деп мәлімдеді Астана полиция департаменті.

Сондай-ақ жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік азаматтарды заңсыз жұмысқа тартқан 15 жұмыс беруші анықталды.

Соттың көші-қон заңнамасына қатысты шығарған шешімін орындамаған және Қазақстаннан шығудан жалтарған 11 шетелдік анықталды. Бұл азаматтар мәжбүрлі түрде ел аумағынан шығарылды.

Сәйкес жаңалықтар

Астаналық оқушылар Италияда өткен халықаралық олимпиадада рекорд орнатты

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында ауқымды жұмыс басталды

Тиянақсыз мердігер тендерді қалай ұтады?