Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Каспий теңізінде қолтырауын жүргені рас па?

Әлеуметтік желіде теңіз жағасында жүзіп жүрген қолтырауынның  видеосы тарады. Көпшілік оны Каспий теңізі жағалауында түсірілген деп топшылады.

Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы Ғаббас Досатов бұл ақпараттың жалған екенін айтты.

«Видео Каспий теңізінде түсірілген болуы мүмкін емес. Өйткені қолтырауын тұщы суда өмір сүреді. Ол сондай-ақ ауа райы жылы болатын Африка сияқты тропикалық және субтропикалық аймақтарды мекендейді. Қолтырауындар біздің климатқа бейімделе алмайды. Сондықтан видеоны мұқият талдағаннан кейін ақпараттың жалған екеніне көз жеткіздік», деді  Ғ. Досатов.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан лидирует в Центральной Азии по охвату социальной защитой – данные международных организаций

Свыше 9 тысяч человек спасли из снежных заносов в Казахстане с начала зимы

В АСТАНЕ СОСТОИТСЯ V ВНЕОЧЕРЕДНОЙ СЪЕЗД ПАРТИИ RESPUBLICA