Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбразование

Конкурстық жұмыстарды бағалау рәсімі ашық және шынайы болды

Биыл сәуірде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық бейнесабақтар мен бейнеәдістер конкурсының қорытындысы шығарылды. Оған 5000-ға жуық педагог қатысты, олардың 108-і жүлделі орындарға ие болды.
Мақсаты — пәнаралық негізде білім алушылардың ерте/функционалдық сауаттылығын дамыту саласында педагогтердің өзара іс-қимылының заманауи педагогикалық тәжірибесі мен үздік тәжірибелерін жалпылау және танымал ету.
Байқау екі кезеңнен тұрады: аймақтық және республикалық. Бейнесабақтар 12 бағыт бойынша дайындалды, оларды өңірлік сараптама кеңесінің мүшелері жеті критерий бойынша бағалады.
«Республикалық сараптамалық кеңестегі жұмысқа Өрлеу өкілдері мен конкурстың бағыттары бойынша сыртқы сарапшылар тартылды. Конкурстық жұмыстарды бағалау рәсімі ашық және шынайы болды. Республикалық кезең жүлдегерлерінің тізімі біздің орталық филиалдарының сайтында және ресми аккаунттарында орналастырылады», — деді «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.
Осылайша, 102 педагог 1, 2, 3 дәрежелі дипломдарға ие болды. Әр бағыт бойынша YouTube-те ең көп қаралған бейнематериалдардың авторлары анықталды. Сонымен қатар, биыл ЮНЕСКО байқауға қатысушылардың жұмыстарына бірінші рет баға беріп, «жаһандық азаматтық рухында білім беру» және «климаттық өзгерістер саласындағы білім беру» бағыттары бойынша арнайы марапаттар табыстады. Бұл бастама конкурстың сапасы мен өзектілігін арттырып, оның мәртебесін халықаралық сараптамалық деңгейге жақындатты.

Сәйкес жаңалықтар

Астана на радарах криптоэлиты. Столицу сравнили с Дубаем и Сингапуром

Эксперт: проект Конституции отвечает запросу общества на справедливость и равенство

Модернизация крупных водохранилищ и комплексная реконструкция Большого Алматинского канала им. Д. Конаева будут проведены в Алматинской области