Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Куба президенті сайланды

19 сәуірде Куба халық билігінің ұлттық ассамблеясы (бір палаталы парламент) қазіргі мемлекет басшысы Мигель Диас-Канел Бермудесті 2028 жылға дейінгі мерзіммен президенттікке сайлады.

Оның президенттікке сайлануын отырысқа қатысқан 462 депутаттың 459-ы қолдаған. Кубаның қазіргі вице-президенті Сальвадор Вальдес Меса тағы бір мерзімге қайта сайланды. Үкімет құрамы да бекітілді.

Кубада 2019 жылы жаңа конституция қабылданғаннан кейін президенттік институт қалпына келтірілді. Мигель Диас-Канель мен Сальвадор Вальдес Меса 2019 жылдың қазан айында президент және вице-президент болып сайланған еді.

Сол жылы қабылданған Ұлттық Жиналыс регламентіне сәйкес, олардың бірінші мерзімдегі өкілеттігі бес жыл емес, төрт жыл бойы – парламенттің жаңа шақырылымы басталатын 2023 жылға дейін жарамды болды.

(Фото: Egemen.kz сайтынан алынды)

Сәйкес жаңалықтар

Aitu на первом заседании Совета по развитию ИИ

zamandas69@mail.ru

Президент считает, что важной составляющей гуманитарного сближения является волонтерское движение

Малый бизнес предлагают освободить от обязательного размещения вакансий на Enbek.kz