Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтар

Әлеуметтік желілерде блогердің қатысуымен түсірілген бейнематериалдар таралуда.

Онда ол әкесінің тарапынан бала кезінде өзіне қатысты құқыққа қарсы жыныстық іс-әрекеттер жасалғанын мәлімдейді.

Тікелей эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, өзін орынсыз ұстаған.

Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері тексеру жүргізіп, туыстарынан жауап алып, жарияланған материалдарды зерделеді.

Ата-анасының айтуынша, бейнематериалдарда келтірілген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ олар қыздарымен ұзақ уақыттан бері байланыс жасамайтынын хабарлаған.

Тараптардың барлық уәждері тексерілетін болады.

Сонымен қатар, ата-анасының арызы негізінде жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік іс қозғалды.

Сондай-ақ бойжеткен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылады.

Полиция мұндай әрекеттер үшін жауапкершілік көзделгенін еске салады. Кез келген шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер құқықтық бағалауға жатады және олар үшін әкімшілік те, қылмыстық заңнамада да көзделген жауапкершілік қарастырылған.

Сәйкес жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды

Қазақстанда кісі өлтіру статистикасы неге өсіп кетті – вице-министр жауабы

zd_admin

Президент тапсырмасы бойынша өңірлерде инфрақұрылым мен өнеркәсіп қарқынды дамып келеді: шілде айының басынан бері қандай жобалар іске қосылды