Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Мақсатымыз-Ұлттық құндылықтарымызды және салауатты өмір салтын дәріптеу

Астанадағы №73 мектеп-лицейінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Жылда дәстүрлі түрде өтетін спорттық сайыс аталған мектептің 3-сынып оқушылары мен олардың ата-аналары арасында ұйымдастырылды. Сайысқа жалпы 100-ден аса мектеп оқушысы қатысты.

«Сайыс мектебімізде жылда дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Ұлттық құндылықтарымызды және салауатты өмір салтын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылып отырған іс-шараны оқушы, ұстаз, ата-ана арасында үшжақты ынтымақтыстықта жұмыс істеудің тамаша үлгісі деп есептейміз. Жалпы бұл – 3-5 сыныптар аралығында өтетін сайыс. Бұл сайыстың бір қызығы – аналар күш сынасса, әкелер бауырсақ пісірді. Барлық қатысушы ойын арасында ошақта піскен ыстық бауырсақ пен шоқ самаурында қайнаған шайдан ауыз тиді. Мұндай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылуы балалар және ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс істеуге өзіндік ықпалын тигізеді», – деді №73 мектеп-лицейі директоры Гүлшат Қалтаева.

Сайыс қатысушылары эстафеталық таяқшамен жүгіру, шанамен жарыс, арқан тартыс, қол күресі және «Бауырсақ-Fest» жарысында бақ сынасты.

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, Алғысхаттар мен арнайы сыйлық берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Мопедтерді тіркеу қажет

Активтерді қайтару есебінен әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жалғасуда

Қазақстандық студенттер ABU Robocon 2026 халықаралық чемпионатында жүлдеге ие болды