Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарЭкономика

Ұлытау облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен 7 денсаулық сақтау нысаны бой көтерді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлытау өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше мән беріп отыр. Облыста азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған жобалар белсенді түрде жүзеге асырылуда.

Мәселен, Мемлекет басшысының тапсырмасымен денсаулық сақтау нысандары құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан 880 млн теңге бөлінді.

Заңсыз иемденілген активтерден түскен қаражат «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Ұлытау және Жаңаарқа аудандарында алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 7 нысанның құрылысына жұмсалды.

Атап айтқанда, Ақтүбек және Кеңгір ауылдарында жаңа екі дәрігерлік амбулатория бөй көтерді. Сондай-ақ Бетбұлақ, Пионер, Қорғасын, Айнабұлақ және Егінді ауылдарында бес медициналық пункт салынып жатыр.

Нысандарды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Аталған жобаларды жүзеге асыру ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін жақсартады және Ұлытау өңіріндегі денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға маңызды қадам болмақ.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда белгіленген мерзімнен бұрын қаланың жол инфрақұрылымын ретке келтіру жұмыстары басталды

Қазақстан Президентінің Жарлығымен опера әншісі Мария Мудряк мемлекеттік марапат иеленді

Бүгін – әз Наурыз мерекесі