Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультураОбразованиеОбщество

Ұлытауда күзгі каникул кезінде оқушыларға арналған түрлі іс-шара ұйымдастырылды

Ұлытау облысында күзгі каникул кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге және қабілеттерін дамытуға бағытталған спорттық, шығармашылық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлытау облысы әкімдігінің ресми сайты.

Демалыс кезеңінде өңірдегі қосымша білім беру ұйымдары бекітілген кестеге сәйкес жұмысын жалғастырды. Үйірмелер мен секциялар сенбі және жексенбі күндері де жұмыс істеді.

Оқушылар музыка, бейнелеу өнері, спорт, шығармашылық және танымдық бағыттағы үйірмелерге қатысып, жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік алды.

Сонымен қатар балалар арасында спорттық жарыстар өткізіліп, шығармашылық кездесулер мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды. Бұл іс-шаралар оқушылардың қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзара қарым-қатынас дағдыларын жетілдіруге және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды.

Күзгі каникул аяқталғанымен, өңірдегі қосымша білім беру ұйымдары өз жұмысын жалғастыруда. Балалар үшін шығармашылық, зияткерлік және спорттық бағыттар бойынша тегін үйірмелер мен секциялар да қолжетімді.

Ата-аналар балаларының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес үйірмелерді таңдап, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруына мүмкіндік алады.

Сәйкес жаңалықтар

В Кызылординской области ликвидированы все выявленные в текущем году несанкционированные свалки

zamandas69@mail.ru

Свыше 820 тысяч человек посетили музеи Казахстана в первом квартале 2026 года

Нұр-сұлтандық оқушы ресми эко-амбассадор атанды

zamandas69@mail.ru