Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарШоу-бизнес

Мақсұт әкесінің жолын қуып, өзі де музыкант атанды

Әнші Батырхан Шүкеновтің жалғыз ұлы Мақсұт Шүкенов марқұм әкесі жайлы жылы естеліктерін бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Белгілі музыкант Батырхан Шүкенов 2015 жылы, 52 жасында жүрек талмасынан қайтыс болған еді. Ал оның ұлы Мақсұт әкесінің жолын қуып, өзі де музыкант атанды. Жуырда ол “Еуразия” телеарнасындағы “Доброе утро, Казахстан” бағдарламасында сұхбат берді.

Жүргізушілер Мақсұттан:

“Батырхан Шүкенов қандай әке еді?”, – деп сұрады.

Мақсұттың айтуынша, әкесі үйде өте сабырлы адам болған, бірақ жиі қатты шаршап келетін. Отбасы мүшелері оған әрдайым түсіністікпен қараған.

“Үйде ол демалатын, тынығатын. Фортепианода отырып, әдемі әндер орындайтын. Сол сәттердің бәрі жадымда сақталған. Ол өте мейірімді әрі жақсы әке еді”, – деді Мақсұт Шүкенов.

Сондай-ақ ол әкесінің музыкалық мұрасын жаңғыртып, оны келешекке аманат ету басты жоспары екенін жасырмады.

Сәйкес жаңалықтар

Nauryz Almaty Vibe фестивалі ұйымдастырылады

Талдықорған әскери госпиталі заманауи медициналық жабдықтармен толықты

Жобаның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау