Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЗдоровьеНовости

МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕ

Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін 152 полиция постының жұмысын қамтамасыз етті.

Бүгінгі таңда келесідей полиция посттары жұмыс істейді:
* қалалық стационарларда-30;
* облыстық стационарларда-10;
* балалар стационарларында-12;
* перинаталдық орталықтарда-5;
* аудандық орталық ауруханаларда-48;
* аудандық ауруханаларда – 23.

Посттарды ұйымдастыру оқиғаларға жедел жауап беруге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлерінің де, пациенттердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Бұл шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының көбеюіне байланысты қабылданды.

Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырғанын естеріңізге сала кетейік.

Сәйкес жаңалықтар

Презумпции невиновности и и запрет на самообвинения: какие нормы предлагают закрепить в Контитуции

Где бы ни жили казахи, их единственная Родина – Казахстан

Ертысбаев покинул пост председателя в Народной партии

zamandas69@mail.ru