Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиКультура

Мемлекет басшысы Амал күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

 

Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен  жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айдан аман, жылдан есен болайық!

Сәйкес жаңалықтар

Фонд «Қазақстан халқына» рассказал, как решает системные проблемы образования

zamandas69@mail.ru

Алматыда Әдебиет академиясы залы ашылды

zamandas69@mail.ru

Среди меловых гор Актолагая появилась масштабная символика первых выборов в Курултай