Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды және бауырлас түрік халқын Түркияның ұлттық мейрамы – Республика күнімен құттықтады.
Президент биыл Түркияға жасаған ресми сапары аясында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер жүргізгенін атап өтіп, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен маңызды бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор серпін беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанның жауапты қызметіне толағай табыс, ал бауырлас Түркия халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында балаларға арналған жаңа ойын алаңы ашылды

Экс-министр Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды

Алматыда Төле би көшесін ұзартуға 13,6 млрд теңге бөлінеді