Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесу өткізді

Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Өңірлік экологиялық саммитке және Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекеттері кеңесінің отырысына қатысу үшін Астанаға келген Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен кездесті.
Мемлекеттер басшылары қазақ-тәжік қарым-қатынасының қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылап, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік деңгейін көтеруге келісті.

Әңгімелесу барысында сауда-экономика және су-энергетика салаларындағы ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толық іске асыру маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Сәйкес жаңалықтар

Қаламыздың гүлденуіне бар күшімді салу — мен үшін үлкен мәртебе

«Байтақ» партиясының съезінде алдағы сайлау науқанының негізгі басымдықтарын айқындады

zamandas69@mail.ru

Петропавл тұрғынынан жарты келіге жуық гашиш тәркіленді