Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ДенсаулықЖаңалықтар

Өмір сүру үшін екінші мүмкіндікке ие болды — бұл біз үшін зор марапат

Алматы қалалық кардиологиялық орталығында ерекше операция жасалды: кардиохирургтар жас әйелдің өміріне қауіп төндірген миксоманы — сирек кездесетін қатерсіз ісікті — сәтті алып тастады.

Пациент орталыққа ентігу мен ауа жетіспеушілігіне шағымданып түсті. Эхокардиография нәтижесінде сол жақ жүрекшеде көлемі 6×4 см болатын миксома анықталған – мұндай ісікті дәрі-дәрмекпен емдеу мүмкін емес, шұғыл операция жасау қажет болды.

Хирургиялық араласу сәтті өтті. Ісік толық алынып, жүрекішілік қанайналым қалпына келтірілді. Келесі күні пациент ешқандай симптомдарсыз жүре бастады, ал көп ұзамай үйіне шығарылды.

«Мұндай жағдайлар дер кезіндегі диагностика мен білікті медициналық көмектің қаншалықты маңызды екенін ескертеді. Жас әйел толыққанды өмір сүру үшін екінші мүмкіндікке ие болды — бұл біз үшін зор марапат», — деп атап өтті орталық дәрігерлері.

Сәйкес жаңалықтар

Элеваторларға түскен жұмсақ бидайдың 72 пайызы – үшінші сұрыпты

Елордалық бизнес-орталықтардың бірінде алаяқтық сall орталық  жойылды

«5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» оқу пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасын жетілдіру жолдары»