Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиКультураДуховность

Оқушылар құрақтан Сәкен Сейфуллиннің бейнесін жасады

фото:Астана білім басқармасы

Елордалық оқушылар 2700 төртбұрышты құрақтан Сәкен Сейфуллиннің бейнесін жасап шықты, деп хабарлайды zamandas.kz BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Астана қаласы Білім басқармасының мәліметінше, елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы №80 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен оқушылары биіктігі 6 метр, ені 4,5 метрді құрайтын құрақ құраған.

Үлкен қолөнер туындысында үш бәйтеректің бірі Сәкен Сейфуллиннің бейнесі бейнеленген. Бір жарым ай бойы 2700 төртбұрышты құрақшаларды пайдаланып жасаған қолөнершілердің туындысы көпшіліктің көңілінен шығып, білім ордасындағы құнды заттардың қатарына енді, — делінген басқарманың хабарламасында.

Айта кетейік, ұстаздар мен оқушылар бұл туындыны Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына арнап жасаған.

Сәйкес жаңалықтар

В городах и районах области Абай проводится масштабная уборка в рамках акции «Таза Қазақстан»

Алматылық әйел бір айлық сәбиін пәтерде қараусыз қалдырып кеткен

zamandas69@mail.ru

«Астана становится важной международной площадкой для крупных культурных и мультимедийных проектов» — комиссар выставки Ольга Риго