Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСаясат

Президент ҰҚШҰ Бас хатшысы Таалатбек Масадыковты қабылдады

Ақорда
Таалатбек Масадыков Қасым-Жомарт Тоқаевқа ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымындағы жоспарын таныстырды. Кездесуде Ұйым қызметінің негізгі бағыттары бойынша, соның ішінде тұрақты жұмыс органдарының міндеттеріне қатысты көптеген мәселе талқыланды.
Мемлекет басшысы Ұйымды одан әрі дамытуға арналған бірқатар ұсынысымен бөлісіп, Қазақстан тарапы ҰҚШҰ аясындағы ынтымақтастықты нығайтуға дайын екенін айтты.


Сәйкес жаңалықтар

Кафеде жанжал шығарған депутаттың видеосы Желіде тарап жатыр

Президент құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

«Шаттық» – елордадағы балалар мен жасөспірімдерге арналған ең ірі шығармашылық жобалардың бірі