Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

«Семей – Астана – Семей» бағытында әуе рейсі ашылады

Биылғы жылдың 27 сәуірінен бастап «Южное небо» әуе компаниясы «Семей – Астана – Семей» бағытында жаңа әуе рейсін ашады.

Жолаушыларды 48 орындық Ан-24 ұшағы тасымалдайды.

10 мамырға дейін рейстер аптасына үш рет орындалады, ал мамырдың ортасынан бастап олардың жиілігі аптасына бес ретке дейін артады.

1 мамырдан бастап төмендегідей бағыттар бойынша рейстер іске қосылмақ:

«Алматы – Семей – Алматы» – аптасына үш рет,

«Астана – Семей – Астана» – аптасына бір рет.

1 маусымнан бастап «FlyArystan» әуе компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» жаңа бағытын ашады. Рейстер аптасына екі рет дүйсенбі және бейсенбі күндері орындалады.

Сондай-ақ 1 маусымнан бастап «Скат» әуекомпаниясы «Алматы – Үржар – Алматы», «Астана – Үржар – Астана» рейстерін аптасына 6 рет орындай бастайды.

 

Сәйкес жаңалықтар

Премьеру спектакля о Наталии Сац показал театр из Казахстана в Москве. Как проходят Дни культуры двух стран?

zamandas69@mail.ru

В АСТАНЕ СОСТОИТСЯ V ВНЕОЧЕРЕДНОЙ СЪЕЗД ПАРТИИ RESPUBLICA

203 ОБРАЩЕНИЯ ПОСТУПИЛО В ЦИК С НАЧАЛА ИЗБИРАТЕЛЬНОЙ КАМПАНИИ