Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті

Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасында «Шалқар» радиосының 60 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара аясында мерейтойға орай жарық көрген «Ұлттың үнбайрағы» атты кітап таныстырылды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов, радио саласының ардагерлері мен қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Салтанатты жиында Мемлекет басшысының құттықтау хаты оқылды. Сонымен қатар, радионың дамуына үлес қосқан ардагерлер мен қызметкерлерге марапат табысталды.

Бұдан бөлек, мерейтой аясында қазақтың тұңғыш радиодикторы, Қазақ радиосының ардагері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мина Сейітова атындағы дикторлар байқауы жарияланды. Байқау шарттары туралы толық ақпаратпен «Шалқар» радиосының сайтынан танысуға болады.

Айта кетейік, наурыз айының басында Алматы қаласындағы «Радио үйі» ғимаратында толық жөндеуден өткен студия ашылып, оған қазақтың тұңғыш радиодикторы Мина Сейітованың есімі берілді.

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет 2028 жылға дейінгі көлеңкелі экономикаға қарсы кешенді іс-қимыл жоспарын бекітті

Астанада Абайдың 180 жылдығына арналған әдеби-сазды кеш өтті

Стоматологиялық қарап-тексерулердің маңыздылығы туралы хабардар ету өте маңызды