Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарМәдениет

Түркістанда «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесі өтті

Мемлекет басшысының «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы «Фараб» облыстық кітапханасында «Қожа Ахмет Ясауи мұралары» кітап көрмесін ұйымдастырды. Іс-шара Республика күні қарсаңында өтті.

Көрмеге отандық және шетелдік ғалымдар, тарихшылар, дінтанушылар, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және музей ісінің мамандары қатысты. Олардың қатарында Түркия, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан келген зерттеушілер болды.

Кітап көрмесіне Қожа Ахмет Ясауидің өмірі мен шығармашылығын, рухани мұрасын зерттеуге арналған ғылыми еңбектер, монографиялар, мақалалар жинақтары, аудармалар мен сирек басылымдар қойылды.

Көрме «Сырдарияның орта және төменгі ағысы алабындағы түркі мәдениеті» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы аясында өтіп, оны 200-ге жуық адам тамашалады.

Көпшілік Қожа Ахмет Ясауи мұрасына арналған ғылыми еңбектермен танысып, Қазақстан мен шетел ғалымдары зерттеу нәтижелері мен тәжірибелерін ортаға салды.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда LEZ пилоттық жобасы аясында жол белгілері орнатылып жатыр

Біздің дәрісіміздің мақсаты – жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті сіңіру

Жұмысы ауыр, еңбегі адал жұмысшылардың жалақысын екі есеге өсіру керек – Жұлдыз Сүлейменова