Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЭкономика

Теміржол желісінде екі жаңа жүрдек электр пойызы қатынайды

Бұл туралы Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Жәнібек Тайжанов мәлімдеді.

2025 жылғы шілде айынан бастап Қарағанды мен Астана арасында 567 орынға есептелген жүрдек электр пойызы қатынай бастайды.

Ал биыл күзде Астана –  Бурабай курорттық аймағы бағыты бойынша кезекті жаңа электр пойызы жүре бастайды. Жол жүру уақыты – 2,5 сағат, пойыздың сыйымдылығы – 360 жолаушы.

Биыл 226 жаңа вагон сатып алу жоспарланған. Осы кезге дейін жыл сайын шамамен 150-180 вагон сатып алынса, биылдан бастап 2029 жылға дейін жыл сайын 200-ден астам вагон сатып алынады. Бұл 2029 жылға дейін жолаушы вагондары паркін толықтай жаңартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ биылғы жылдан бастап Stadler Kazakhstan зауыты да вагондарды шығаруға кірісті.

Сәйкес жаңалықтар

Как регионы будут представлены в новом Курултае: мнения экспертов

Министр обороны открыл филиал Военно-исторического музея в селе Родина

Исследовательский институт «Общественное мнение» провели совместный Научный семинар