Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиЗакон и порядок

Құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды

 фото: скрин
Антон Князев пен Дамир Кушеев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Бүгін Алматы қаласы прокуратурасының Азаматтарды қабылдау орталығы (АҚО) ғимаратына блогерлер Антон Князев пен Дамир Кушеев келді.

Бұған дейін олар қызметтік көліктер мен прокуратура қызметкерлерінің кіріп-шығуын бейнетаспаға түсірген болатын.

«Антон Князев пен Дамир Кушеев прокуратура аумағында жүрген кезде АҚО қауіпсіздік қызметкерлеріне қасақана және дөрекі түрде кедергі жасап, олардың жұмысына бөгет келтірген. Сондай-ақ автотұраққа кіріп жатқан көліктердің алдыңғы терезелерін ұрып, жүргізушілерге тиіскен, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзған. Осы себепті олар Бостандық аудандық Полиция басқармасына жеткізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Антон Князев пен Дамир Кушеев Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша (ұсақ бұзақылық) құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген Алматы қаласы прокуратурасы хабарламасында.

Алматы қаласының прокуратурасы қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын еске салады және кез келген құқыққа қайшы әрекеттерге жол берілмейтінін ескертеді.

Сәйкес жаңалықтар

«Политика поддержки молодежи всегда будет оставаться одним из ключевых приоритетов нашего государства», — Глава государства поздравил с Международным днем молодежи!

«Қарасора-2021» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы барысында Шу ауданы маңынан ірі көлемде есірткі тәркіленді

zamandas69@mail.ru

Нашел себя в списке воюющих – казахстанец просит Генпрокуратуру и МВД наказать журналиста Лукпана Ахмедьярова