Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Заңсыз салынған үш қабатты үй сүрілді

Алматыда заңсыз құрылысқа қарсы күрес жалғасып келеді. Бұл жолы Черновицкая көшесінде заңсыз салынған үш қабатты үй сүрілді.

Қаланың қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, ғимарат қажетті рұқсат құжаттарынсыз салынған: СЖТ, эскиз жобасын келісу және сараптама болмаған.

Сүру фактісі тұрғынның шағымы негізінде жүргізілген жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде анықталған. Басқарманың талап-арызы бойынша Жетісу аудандық соты нысанды бұзу туралы шешім шығарды. Нысан иесі сот орындаушыларының қатысуымен ғимаратты ерікті түрде бұза бастады.

2023 жылдың басынан бері Алматыда 63 заңсыз нысан, оның ішінде «Мечта» және KHAN тұрғын үй кешендері сүрілді. Бұл қала әкімі Ерболат Досаевтың құрылысқа бақылауды күшейту мақсатында қолға алынған жұмыстарының бір парасы.

Сәйкес жаңалықтар

Древний след степной цивилизации: в Мангистау исследуют город с двухтысячелетней историей

Казахстан готовится войти в научную программу ЕС

zamandas69@mail.ru

«Закон и Порядок»: молодежь ВКО выбирает путь ответственности и справедливости