Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Жалпақтал ауылында дәрігерлерге жаңа баспана берілді

Казталов ауданының Жалпақтал ауылында «Қаладан – ауылға» бағдарламасы аясында қаладан көшіп келген медицина саласы мамандарына тұрғын үй кілттері салтанатты түрде табысталды.
Аталған іс-шараға қатысқан Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов ауылға келіп, халық саулығы жолында еңбек етіп жүрген мамандарға алғысын білдіріп, қуаныш иелеріне тұрғын үйлердің кілтін табыстады.
– Мемлекет басшысының ауылдарды дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру аясында өңірімізде облыс әкімі Нариман Төреғалиұлының бастамасымен «Қаладан – ауылға» жобасы іске қосылды. Жобаның негізгі мақсаты – қалада тұратын ауыл азаматтарын туған ауылына қайта оралту арқылы ауылдық елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру, кадр тапшылығы мәселесін шешу. Осы бағытта облыс көлемінде жүргізілген жұмыстар өз нәтижесін беруде, — деді облыс әкімінің орынбасары.
“Қаладан ауылға” бағдарламасы аясында Жалпақтал ауылына қоныс аударған дәрігерлердің қатарында туған жеріне қайта оралған ауыл тумасы да бар. Сонымен қатар Қызылорда, Тараз және Қостанай өңірлерінен келген жалпы тәжірибелі дәрігер, реаниматолог-анестезиолог, акушер-гинеколог сынды мамандар да елді мекендегі медициналық көмекті жақсартуға үлес қосуда.
Жалпы өткен жылы Казталов ауданына жалпы 19 отбасы, яғни 106 адам аталған бағдарлама арқылы көшіп келген.

Сәйкес жаңалықтар

Модернизация крупных водохранилищ и комплексная реконструкция Большого Алматинского канала им. Д. Конаева будут проведены в Алматинской области

Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокста рингке шығады

zamandas69@mail.ru

Олжас Бектенов обсудил с Премьером Госсовета КНР Ли Цяном вопросы экономического сотрудничества и выступил на сессии инициативы «Один пояс, один путь»

zamandas69@mail.ru