«Нурикамалға үйленгенде үшеуміз де бақытты болар едік». Ханбибі Есенқараева күйеуінің аянышты тағдырын айтты

0
35

Танымал ақын Ханбибі Есенқараева жеке өмірінен сыр шертіп, күйеуі, елге белгілі азамат Тұрдықылыш Ізтаевтың қалай көзіне шөп салғанын айтып берді. Әдебиет өкілі «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат берді. Ол – халыққа кеңінен танымал «Нурикамал» әнінің авторы.

«Жасы бір ғасырдың жартысына жетіп, 30 жыл отасқан күйеуім бір келіншекпен көңіл жарастырды. Мен филармонияның директоры болып тұрғанда күйеуімді көркемдік дирижер етіп алған едім. Министрдің бұйрығын шығарып, заң бойынша жұмысқа қабылдадым. Мен іссапарда жүргенде, денсаулығым сыр беріп, ауруханаға түсіп қалдым. Сол кезде әріптестерім жолдасымның бір келіншекпен кездесіп жүргенін айтты. Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды деген сөз бар ғой. Күйеуімнен сұрағанда, рас екенін айтты. Ешқандай ұрыс-керіссіз, үй мен көліктің кілтін беріп кеттім. Біз тек ерлі-зайыпты емеспіз, біз доспыз, туыспыз» дедім. Ол «мұндайды қой» деп айтады деп ойлады. Мен «қой» дегеніммен, бір құлаған көңіл қоя ма?! Оның бәрін біліп тұрмын ғой. Сосын айттым «егер бір-біріңді ұнатсаңдар, мен не дейін, бақытты бол. Екеуміз де өнер адамдарымыз, біреуіміз бақытты болуымыз керек қой. Сен-ақ бақытты бол» дедім. Содан үн-түнсіз кабинеттен шығып жүре береді. Көз жасын алақанымен сүрткенін көрдім. Шығармашылықтың адамы ғой, жүрегі жұмсақ. Өзін шалыс қадамы үшін, өмірден кешірмей өтті», – дейді ақын. 

Айтуынша, күйеуі сол келгеннен мүлдем ат ізін салмаған. Бәрін бергені үшін балаларынан сөз естіген де көрінеді.

«30 жыл отасқан күйеу 3 баласын да ойламаса керек. Кетерінде бәрін беріп кеттім ғой. Кейін әйелінің сұратқан дүниелерін де бердім. Қызым қатты ашуланды. Сонда мен «бер, оның тарихы да жоқ, болашағы да жоқ. Тарихы сендер едіңдер, өз қолымен сызып тастады. Болашағы анау, алған әйелі 20 жылдан бері неге тумайды?» дедім. Баласы жоқ адамның болашағы бар ма? «Ал сенің болашағың алдыңда» дедім. Оның тағдыры аянышты, оны табаламаймын, ол жаман қолға түсті. Нурикамалға үйленгенде үшеуміз де бақытты болар едік. Бірақ сол қайтыс болғанда хостелден шығарыпты», – деді ол. 


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/zamandas.kz/httpdocs/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ