Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды

Астаналық колледж студенттері «Worldskills-2024» чемпионатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, топ жарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

14-18 қараша күндері өткен республикалық чемпионатқа еліміздің әр өңірінен 550-ден астам студент 30 құзіреттілік бойынша өзара сайысып, біліміділігі мен тәжірибелерін ортаға салды. Олардың арасында электромонтаж, энергетика, кірпіш қалау, шанақты жөндеу, аспаздық және мейрамхана ісі, IT шешімдері, WEB-технологиялар, мобильді робототехника, мехатроника, прототиптеу сияқты құзыреттіліктер болды.

Барлық командалық есеп бойынша Астана қаласының студенттері 5 алтын, 1 күміс, 5 қола медальды, сондай-ақ кәсіпқойлық үшін 6 медальон алып, еліміз бойынша командалық есепте бірінші орынды жеңіп алды.

Республикалық байқаудың қорытынды кешіне ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев қатысып, барлық студентті жарқын белесімен құттықтады.

Айта кетейік, жеңімпаздар келесі жылы Данияда өтетін EuroSkills чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды.

Сәйкес жаңалықтар

«Асығыс шешім болды»: алдағы оқу жылы 25 мамырда аяқталады

Білім беру тәсілі: Елімізде жаңа оқу жылы қалай басталмақ

NU білім беру жүйесін түбегейлі өзгертті – министр Саясат Нұрбек

zamandas69@mail.ru