Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-Білім

Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу

фото: ortalyq.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа мереке – Ұлттық кітап күнін белгілеуді ұсынды,

Алдымен ол өңірлерде кітапханаларды жаңғырту керектігін атап өтті.

Алматыда кейбір кітапханалар заман талабына сай жаңғыртылды. Онда жастардың шығармашылықпен айналысып, білімін ұштауына толық мүмкіндік бар. Облыс әкімдері осы жақсы тәжірибені жалғастыруы керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайда.

Мемлекет басшысы елімізде жаңа мерекені белгілеуді ұсынды.

Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Мысалы, көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет.

Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу керек. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», – деді президент.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстанның техникалық білімі – жаңа индустрияның драйвері

Білім беру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін қайта қарастыру керек – депутат

Ұлттық құрамаға кіру мүмкіндігіне ие болды