Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Образование

«Тек мұғалімдерді кінәлау дұрыс емес» – Бейсенбаев

Фото: Azattyq Ruhy
Министр осыған дейін бала құқығы, буллингке қатысты жаңашылдықтар жүйеге енгенін айтты.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептерде және одан тыс болатын оқиғаларға тек мұғалімді кіналау дұрыс емес екенін айтты, деп хабарлайды zamandas.kz Azattyq Rýhy. сілтеме жасап.

«Мектепте емес, мектептен тыс болған жағдайда әкімшіліктің директор мен мұғалімге қолданған шарасын қайтадан қайтару туралы былтыр талап еткенмін. Сол бойынша директор да мұғалім де орнына қайта оралған еді. Қазіргі Қызылордадағы жағдай бойынша да анық-қанығына жетпей жатып, мектеп басшысы мен мұғалімге қатыс іс-шара қабылдау дұрыс деп есептемеймін. Біз бәрібір де ұстаз сыйлаған қоғамбыз. Сондықтан ұстаздарға құрметпен қарауымыз керек. Егер де нақты жазалары дәлелденген жағдайда заң алдында жауап береді. Заңның алдында барлығымыз бірдейміз»,- дейді министр.

Оның айтуынша, үш жақты жауапкершілікті күшейткен дұрыс.

«Ол: ата-ана, қоғам, мектеп. Бала тәрбиесіндегі үлкен жауапкершілікті мойнымызға алуымыз керек. Тек ата-ананы жазғыра беру де дұрыс емес, мұғалімдерді де кінәлай беру дұрыс деп есептемеймін. Қоғамды да. Жалпы кімнің кінәлі екенін емес, жас ұрпақтың тәрбиелі болуы, ізімізді қалай жалғастыратыны мазалауы керек. Осы бағытта күш біріктіретін болсақ, онар журналистерді біріктіретін болсақ, қоғамды екі айырмайды. Бір журналистер ата-ананы, біреуі мұғалімді кінәлі деп…Ересектердің бәрі кінәлі. Жас ұрпақ алдында жауапты болуымыз керек. Бұл бойынша бағдарлама, пән де енгізілгені жақсы»,- дейді ол.

Министр осыған дейін бала құқығы, буллингке қатысты жаңашылдықтар жүйеге енгенін айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Казахстан вошёл в число стран Европы и Центральной Азии, где родители всё реже прибегают к насильственным методам воспитания — снижение с 53% до 38%

Пять лет трансформации стали новой точкой роста спортивного образования Казахстана: состоялось торжественное открытие Казахского национального университета спорта

Столичные школьники стали победителями международного чемпионата в Великобритании