Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

Фото: rail-news.kz

Биыл 1 қазаннан бастап Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы 20%-ға көтеріледі, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni-не сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің мәліметінше, елімізде 140 жолаушыларды тасымалдау бағыты бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі көтеріледі.

Билет құнын арттыру вагондар паркін жаңарту, көрсетілетін қызметтер сервисін жақсарту және қызметкерлердің жалақысын арттыру үшін қажет. Соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бағыттар бойынша билет құны қымбаттамағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) ескеру маңызды.

Айта кетейік, Қазақстанда 2 667 жолаушылар вагоны бар. Олардың 44%-ы тозған.

Сәйкес жаңалықтар

В Баянауле открылся современный визит-центр «Сарыарқа сыры» — новый этап развития туристического потенциала региона

zamandas69@mail.ru

Итоги полугодия: развитие рынка труда, социальное обеспечение и защита трудовых прав

Торжественного закрытия месячника «Есірткісіз болашаққа ұмтыл», посвященного Международному дню борьбы с наркоманией и наркобизнесом