Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

144 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді


Талдау барысында Астана қаласы Есіл ауданының
прокуратурасы «Жасыл Аймақ» ШЖҚ РМК 600-ден астам
жұмысшыларының жалақысын төлемеуі салдарынан олардың
құқықтарының бұзылғанын анықтады.Бұл туралы Астана
қаласының прокуратурасы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйек айындағы қарыз 144 млн
теңгеден астам соманы құраған.
Прокурорлық қадағалау актісін қарау нәтижесінде
жұмыскерлер алдындағы берешек толық көлемде өтелді.
Жол берілген бұзушылық үшін лауазымды тұлға тәртіптік
жауапкершілікке тартылды.

Сәйкес жаңалықтар

«Мы не должны превращаться в народ нытиков»: Ермурат Бапи — об исторической травме

«Право на труд» вместо прежней «свободы труда» – известный юрист о поправках в Конституцию

Конституционная реформа -основа долгосрочного развития страны

zamandas69@mail.ru