Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпҚоғам

20 тонна дәптер тиелген жүк көлігін өртеп жіберген (видео)

Полиция мектеп дәптері тиелген жүк көлігін өртеп жіберген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды zamandas.kz

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жаздың басында Мәртөк ауданында 20 тонна мектеп дәптері тиелген Mercedes-Benz жүк көлігі өртенген. Күдікті қылмыс жасағаннан кейін 2 айдан астам уақыт іздеуде жүрді. Келтірілген залал көлемі 54 млн теңгеден асады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктінің тұрған жерін анықтап, оны қолға түсірді.

 

 

 

Сәйкес жаңалықтар

ҚЫЗЫЛОРДАДА «СЫР ЖАСТАРЫ» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 100 ЖАС ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Мердігерлер жыл соңына дейін жолды пайдалануға беруі қажет

Қызылордада тағы бір адам кене шаққаннан қайтыс болды