Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Ақтүтек боран: Шымкент-Алматы жолы жабылып, 3 блокбекет қойылды

Фото: Pexels

Түркістан облысы аумағында қалың қар жауып, ақтүтек боран басталды. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаменті республикалық, облыстық маңызы бар жолдарды патрульдеуге жұмылдырылды, деп хабарлайды Kazinform.

Яғни Түркістан облысынан Жамбыл облысы бағытына қарай «Шымкент-Алматы» автожолының Машат пен Шақпақ ата асуы жабылды.

Аталған аумақта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оқыс жайттардың алдын алу мақсатында полицейлер 3 блокбекет қойды.

«Осыған байланысты облыс тұрғындарын ұзақ жолға шықпауға шақырамыз. Сондай-ақ жол ережесін сақтап, жылдамдықты асырмаңыздар» дейді полицейлер.

Сәйкес жаңалықтар

Облыс әкімі Семейдегі бірқатар нысандарды аралады

НҰРЛАН ӘБДІРОВ: БҮГІННЕН БАСТАП УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯЛАРЫ ӨЗ ЖҰМЫСТАРЫНА КІРІСТІ

Қазақстан әлемдік брендтердің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруді локализациялап жатыр