Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Алматы облысында 6 полицей пара алғаны үшін сотталды

 фото:Ашық дереккөз

Қарасай аудандық соты Алматы облысы жол-патрульдік полиция батальонының 6 қызметкеріне және басқа да адамдарға қатысты үкім шығарды, деп хабарлады turkystan.kz Алматы облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, олар көлік жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартпағаны үшін пара алғанына кінәлі деп танылды.

«Лауазымды тұлғаларға 58,8 миллион теңге айыппұл салынды. Дәл осы үкім бойынша пара берушілерге жалпы сомасы 3,85 миллион теңге айыппұл салынды. Барлық сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды», — деп хабарлады ведомстванның баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбесе жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Это будет очень важный форум в очень важное время для международного сообщества

ОБРАЩЕНИЕ Центральной комиссии референдума

Марат Султангазиев обсудил с коллективом индустриально-логистического центра «ДАМУ» вопросы верховенства закона и устойчивого развития