Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Алматыда оңды-солды ойқастаған көліктің кесірінен жаппай жол апаты болды

фото: zakon.kz
7 адам ауруханаға жатқызылған

Алматыдағы «Адем» сауда үйіне қарама-қарсы бетте, Солтүстік айналма жолында жаппай жол апаты болды.

Жол-көлік оқиғасына қатыстылардың айтуынша, апатқа түрткі Toyota Camry көлігі Солтүстік айналма жолмен солтүстік бағыттан келе жатқан. Қозғалыс кезінде ол жолдың әр жолағына өтіп, ары-бері ойқастай берген. Осындай маневрлердің бірінде Toyota Chevrolet Cobalt көлігіне соғылады.

Одан кейін Toyota Chevrolet Nexia-ға қарай ұшып кетеді. Соққыдан Nexia жол шетіне ұшып, тротуарға шығып кеткен. Ал бұл кезде Toyota жолдың қарама-қарсы бөлігіне ұшып, Nissan Primera, Mercedes-Benz көліктеріне соқтығысып, ақырында Toyota Land Cruiser Prado-мен бетпе-бет түйісіп барып тоқтайды.

Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасы болған орынды қоршады. Осыған байланысты бұл бағытта көлік кептелісі болды.

Алдын ала ақпарат бойынша, 7 адам ауруханаға жатқызылған. Toyota Land Cruiser Prado-дағы балаларымен қоса, әйел адам зардап шекті. Балалардың бірінің қолы сынғаны айтылады.

Апаттың барлық мән-жайын жол полициясының қызметкерлері анықтайтын болады.

Сәйкес жаңалықтар

Үкімет ауаны тазарту үшін “жасыл энергетиканы” дамытуға күш салып отыр

Полицияның әрбір әрекеті заңды, ашық әрі кәсіби болуы тиіс

Елордада кеңесуші институттарды дамыту перспективалары талқыланды