Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Коллаж: azattyq-ruhy.kz

Қарағанды облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 20 тамызда 19:45 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолының 770-шақырымында 47 жастағы Lexus LX470 жүргізішісі көліктің басқаруына ие бола алмай қалып, аударылған.

Жол апаты салдарынан көліктің 46 жастағы жолаушысы оқиға орынында қаза тапса, жүргізуші және 35 жастағы жолаушы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Сондай-ақ 2 жолаушы ауруханаға жеткізілді. Дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – делінген хабарламада.

Полиция көлік жүргізушілерден жылдамдықты шектен тыс асырмай, жол жүргенде демалыс режимін сақтап, жол жүру ережелеріне қатаң бағынуға шақырады.

Сәйкес жаңалықтар

Мұғалім сынақтан неге сүрінеді?

Қазақстан –бейбітшілік үшін жан жүрегін беруге дайын мемлекет

Қазақстанда өмірге келген төртемдер саусақпен санарлық болса, соның бірі СҚО-да тұрады