Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Астанада жеке сот орындаушылар жауапкершілікке тартылып жатыр

Фото: gov.kz/ Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінде 6 жеке сот орындаушының жауапкершілікке тартылғаны белгілі болды.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, Сот әкімшілігі департаменті былтырғы жұмыс қорытындысын шығарған кезде жеке сот орындаушыларынан заң бұзушылықты анықтаған. Қазір 2 сот орындаушының лицензиясы уақытша тоқтатылды. Бес адамның ісін тәртіптік комиссия қарайтын болды.

Ведомствода азаматтардың өтініштері мен шағымдары қаралды. 2023 жылы қала соттары мамандарының іс-әрекетіне қатысты 34 арыз түсті. Оның ішінде 4 арыз расталды. Бұл – 2022 жылмен салыстырғанда, 7 өтінішке немесе 17 пайызға аз. Былтыр 41 арыз түскен болатын, – делінген хабарламада.

Сот әкімшілігі департаментінде «Сот кабинеті» сервисімен жұмыс қорытындысы шығарылды. Осылайша, барлығы 29 мыңнан аса талап-арыз түскен. Олардың 79%-ы электронды түрде берілген.

Ішкі істер органдары (әкімшілік полиция) «Сот кабинеті» сервисі арқылы 16 мыңнан аса әкімшілік материал жіберді. Оның да 29,6 пайызы электронды түрде жіберілген.

Сәйкес жаңалықтар

Порядка 202 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери в виде пособий с начала 2025 года

Астана становится зеленее: врачи, учителя и коммунальные службы высаживают деревья в рамках акции «Таза Қазақстан»

Необходима конституционная гарантия против интернет-мошенничества – Асанов

zamandas69@mail.ru