Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Қазақстан делегациясы Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық волонтерлер мектебіне қатысады

Қырғыз Республикасының Шу облысында түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектеп өтуде.

Аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды.

Іс-шараға волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің белсенді азаматтары мен жастары қатысуда.

Мектеп халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еріктілік саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

— Мектеп аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады:

— Ерікті ұйымдар арасындағы ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту.

— Әлеуметтік, экологиялық және экономикалық мәселелерді шешу үшін волонтерліктің маңыздылығына назар аудару.

Белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыру және жастарды волонтерлік қызметке тарту үшін жағдай жасау.

 

Сәйкес жаңалықтар

Казахстанцы могут узнать информацию о предстоящем референдуме и новой Конституции в ЦОНах и медучреждениях

Присвоение и растрата чужого имущества – сегодня начнется суд по делу экс-главного редактора Orda.kz Гульнар Бажкеновой

Заявление Народной партии Казахстана в связи со вступлением в силу новой Конституции Республики Казахстан