Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда

Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда. Бұл қайырымдылық мәдениеті мен волонтерлікті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба.

Жоба ережелері бойынша игі істі әлеуметтік желілерде жариялап, www.qazvolunteer.kz. сайтында тіркеуден өту қажет. Бүгінгі таңда 826 игі істі тіркелді.

Астанада волотерлер 2 тоннадан астам қоқыс пен пластик жинады. Қостанай облысында «Жақсылық жаса» акциясы аясында көпбалалы отбасыларға қажетті заттар жеткізілді. Сонымен қатар аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету үшін «Мектепке жол» акциясы басталды.
Жалпы жобаға 10 мыңға жуық қазақстандық қатысты.

Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Одан кейін қатысушыларды 10 номинация бойынша, оның ішінде «Ең мейірімді аймақ», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең жақсы ауыл» сияқты арнайы номинациялар бойынша, сондай-ақ марафонды жариялауға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.

Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz. сайтынан алуға болады

Сәйкес жаңалықтар

Мәдениет және ақпарат министрі еліміздің мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік наградалар табыстады

Талантты балаларды қолдап, олардың ұстаздарын ынталандыру керек

ҰБТ-дағы биылғы заңсыздықтар: қаламсап ішіндегі шпаргалка, киім астарына жасырылған смартфон