Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай режимі жарияланды

Фото: https://t.me/qazaqstantv
Өңір басшысы зардап шеккендердің бәріне көмек берілетінін айтты

Батыс Қазақстан облысында су тасқынына байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды.

Сырым, Теректі, Қаратөбе, Бөрлі аудандарында тұрғын үйлерді су басты. Қазір аудандарда қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Орал қаласындағы Шаған және Деркөл өзені де тасып кетуі мүмкін. Бұл жерде де жағдай өте қауіпті болып тұр. Сондай-ақ Жайық өзенінде су тасу қаупі бар.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 4 мыңға жуық адам эвакуацияланды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев зардап шеккендердің әрқайсысы мемлекет тарапынан берілетін көмектен қалыс қалмайтынын айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Дипфейки и манипуляции. JAQ.OrtCom предупредил о новой волне фейковых видео

Порядка 202 млрд тенге получили многодетные семьи и награжденные матери в виде пособий с начала 2025 года

Дихан Камзабекұлы предложил четко обозначить в Конституции светскость системы образования и культуры