Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

G-Park компаниясына Астанада құрылыс салуға рұқсат бермей отырмыз – Жеңіс Қасымбек

Фото: gpark.kz

Елордада G-Park компаниясы құрылыс сала алмайды. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек айтты, 

G-Park компаниясы ерекше бақылауда. Қазір қалада олар салып жатқан 12-13 нысан бар. Былтыр қыстан бастап, оларға (G-Park) жаңа құрылыс салуға рұқсат бермей жатырмыз. Олар 12 тұрғын үйді бітірмей, рұқсат алмайды. Әрбір үйдің құрылысы ерекше бақылауда, – деді Жеңіс Қасымбек Сарыарқа ауданында өткен кездесуде.

Сондай-ақ қала әкімі құрылыс компаниясы барлық үйді салып бітіреді деп сендірді.

Ол (G-Park басшысы Ғабит Сәтмағамбетов) түскен қаражатын осы үйлерге құйып жатыр. Ол (құрылысты) міндетті түрде бітіреді. Кешігіп жатыр, бірақ бітіреді, – деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін G-Park компаниясы салған Вашингтон тұрғын үй кешенінің күрелетіні хабарланған еді. Сондай-ақ 100 шақты жұмысшы жалақысын ала алмай отырғанын айтып, аталған компанияның үстінен шағымданған болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Сенатор Нұртөре Жүсіп пен Президенттің кеңесшісі Күнсұлу Закария отандық ғылымның даму келешегін талқылады

Ақтоты Райымқұлова жаңа қызметке тағайындалды

Жамбыл облысында 26 көліктің қатысуымен ірі жол апаты болды