Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Көше кезіп күнелткен Арман Қайназаровтың туыстары оның не себепті бұндай жағдайға тап болғанын айтып берді

Талай эстрада жұлдыздарының бағын жағып, ән жазып берген Арман Қайназаровтың қаңғыбасқа айналуына не себеп болғанын оның туған інісі айтты, деп жазды Еуразия арнасы.

«Қанша рет көмектестік, көмектесеміз де. Бірақ кішкене ішімдікке беріліп кеткендіктен, кей кезде достарына кетіп қалады. Бұл өмірдің сынағы ғой, бір адам тез алып кетеді, бір адам кішкене ұзағырақ жүреді деген сияқты», — дейді композитордың туған інісі Алмас Қайназаров.

Сондай-ақ Арман Қайназаров қарызға батып, қаражаттан қиналған соң осындай күйге түскенін айтады.

Арман Қайназаровтың аянышты күйін көрген журналист әрі продюсер Тимур Нұғман оған бірден көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

«Қазір дәптерге жазып қойған, шықпаған 35-тей әні бар екен. Өте жақсы жігіт, ақкөңіл екен, байқағаным. Қолында не тұрса, соны бере салатын азамат екен. Сол себепті де осындай күйге түскен шығар деп ойлаймын», — дейді продюсер, журналист Тимур Нұғман.

Сәйкес жаңалықтар

Досаев ауданның қоғамдық кеңістіктерін дамыту және көркейту жұмыстары туралы айтты

Үкіметте техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары айқындалды

Екі адамды атып өлтіріп, тағы екеуін жаралады: Арыста күдіктілер ұсталды