Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті

Фото: gov.kz

ҰҚК заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 шілдеде ведомствоның Атырау облысы бойынша департаменті ҚР Қылмыстық кодексі 394-бабының 2-тармағы («Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру») бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Қылмыстық іс бойынша жан-жақтылық, толықтылық пен объективтілікті қамтамсыз етуге бағытталған бірқатар тергеу амалдары жүргізілді. Бұл әрекеттер ұйымның коммерциялық және өзге жұмысына кедергі келтірмейді. Ешкім де ұсталмады.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес жария етілмейді.

Сәйкес жаңалықтар

Қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған кездесу өтті

Әділет органдарын цифрландыру – бүгінде құқықтық жүйені реформалаудың негізгі бағыттарының бірі және заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды құралы.

zamandas69@mail.ru

Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауады