Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Моңғолияда суретке түсіп қалған «жұмбақ» ілбісті таба аласыз ба – «Kaznews»

Таба аласыз ба? Моңғолияда ілбіс суретке түсіп қалды.

Моңғолияның «Kaznews» ақпараттық порталында осындай тақырыптағы ақпарат жарық көрді.

Аталған ақпарат көзінің дерегінше, ұлыбританиялық DailyMail басылымы америкалық фотограф Макса Воның суретін жариялаған. Суретте Алтай тауларының тау-тасты шатқалында сирек кездесетін ілбіс түсірілген.

Ерекше ілбісті суреттен табу оңайға соқпайды. Жыртқыш Батыс Моңғолияның таулы пейзажында мықты жасырынған.

«Жұмбаққа жасырылған аң әлі күнге дейін әлемдегі ең аз зерттелген мысық тұқымдастарының бірі болып есептеледі. Барысты көру – үлкен сәттілік. Көптеген халықтар үшін бұл жануар күштің, тектіліктің және биліктің символы», деп жазады моңғолиялық басылым.

Айта кетейік, Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры мәліметінше, ілбісті халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Қызыл тізіміне енгізілген және бұл тіршілік иесі сирек кездесетін немесе жойылып бара жатқан түр мәртебесіне ие.

Сәйкес жаңалықтар

37 алаяқтық дерегі: Петропавлда автосервиске қатысты күдікті ұсталды

Мемлекет басшысы Премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады

zamandas69@mail.ru

Ұлттық ұлан сарбазы жоғары оқу орнының білім грантын жеңіп алды